27 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Маңғыстау облысында “Назар аударыңыз, балалар!” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мақсаты – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, олардың көше мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын бекіту, өмірі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ балалардың жол-көлік жарақатына көлік жүргізушілерінің назарын аударуға бағытталған.
Жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Маңғыстау облысы ПД әкімшілік полиция басқармасымен қала мектептерінің маңындағы жолдарға жол сызбалары мен жол белгілері орнатылып, қарқынды жұмыстар атқарылуда.
Қаладағы жол қауіпсіздігін нығайту мақсатында полицейлер қала көшелері мен жол белгілерінің жай-күйіне тұрақты түрде тексеру жұмыстарын жүргізіп тұрады. Маңғыстау облысы полиция департаменті азаматтарды жолда абай болуға және орнатылған белгілер мен заңмен бекітілген ережелерге қатаң бағынуға шақырады.